Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Сүйікті адамыммен мәңгі бірге боламын деуші едім”: Сабина Алтынбекова бұрынғы күйеуі туралы айтты

“Сүйікті адамыммен мәңгі бірге боламын деуші едім”: Сабина Алтынбекова бұрынғы күйеуі туралы айтты
Сурет: Alash.kz
Сабина Алтынбекова жеке өмірі туралы дан сырын ақтарды.

Белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова бұрынғы күйеуі туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл жайында спортшы тележүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат берді. Ол ұлының әкесімен әлеуметтік желі арқылы танысқан.

«Бұрын сүйікті адамыммен мәңгі бірге боламын деуші едім. Ол сөзім де тұрғым да келді. Бірақ өмірдің бағыты басқа екен. Сол үшін қазір ештеңе айта алмаймын. Айтқан сөздерім, керісінше болып орындалып жатады. Көңіл-күйім де өзгеріп жүр. Менің жеке өмірімдегі сәтсіздігіме айналысатын спортымның ешқандай да қатысы жоқ. Ешқандай зияны тиген жоқ», — деп пікір білдірді спортшы қыз. 

Сабина Алтынбекова кейін бала үшін күйеуімен қайта қосылуға қатысты ешнәрсе айтқысы келмейтінін жеткізді. 

«Ол өте керемет әке. Мен мұны бәріне айтамын. Ол ұлымызды қатты жақсы көреді. Олардың арасында ерекше байланыс бар. Болашақта қосылуымызға қатысты сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Жоғарыда айтып кеткенімдей, керісінше болып қалуы мүмкін», – деді Алтынбекова. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар