Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ұятсыз видеолар көрсететін»: Алматы облысында ер адам өгей қызына 8 жасынан бастап зорлық көрсетіп келеді (ВИДЕО))

«Ұятсыз видеолар көрсететін»: Алматы облысында ер адам өгей қызына 8 жасынан бастап зорлық көрсетіп келеді (ВИДЕО))
Сурет: Envato Elements
Алматы облысында қыз өгей әкесіне шағымданып, оның көрсеткен қорлығы туралы айтты.

Алматы облысында ер адам өгей қызына 8 жасынан бастап зорлық көрсетіп келеді. Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қыз журналисттен көмек сұрап, хат жазған.

«Екінші сыныптан бері өгей әкемнен зорлық көріп келемін. Анам ол кісімен 2015 жылы отау құрған. Бастапқыда бәрі жақсы еді, бірақ уақыт өте маған ойы өзгеріп, тиісе бастады. Жыныс мүшемді ұстайтын, ұятсыз видеолар көрсететін. Анам, апам, атам, ағам, бәрі бұл туралы біледі», – деп көмек сұрайды қыз.

Жазира Бегалының айтуынша, Қарасай ауданының полициясы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс тіркеп, қызды оңалту ортылығына жіберген. Алайда  облыстық полиция департаменті істі қысқартып тастаған. Қазір өгей әкесінен зәбір көріп келген қыз дағдарыс орталығында тұрып жатыр.

«Жасөспірімді анасы үйіне алып кетпек. Ол үйге оралса «апталдай өгей әкем ойыншығына айналдырады» деп араша сұрайды. ҚР ІІМ, сонда бұл қыздың тағдырына тәлкекке айналдыруға мына азаматтың құқығы бар ма? Бұл жан-айқайға бей-жәй қарамауды сұраймын. Туған шешесі қорғамаса, қоғам қорған болайық!» – деп жазды Жазира Бегалы.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар