Жамбыл облысында депутаттың күйеуі 12 жастағы оқушыны зорлады: қыз тағы да жүкті болып қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 тамыз, 2025
- 2.5k
Жаңатас аудандық мәслихат депутатының күйеуі зорлық көрсеткен оқушы қыздың екінші рет жүкті болып қалғаны белгілі болды. Ол оқиғадан кейін Тараздағы көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернатқа орналастырған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, 2022 жылы 12 жасар мектеп оқушысын Жаңатас аудандық мәслихат депутатының күйеуі зорлады деген күдікке ілінген еді. Сол жылы анасы қызын интернатқа орналастырған. Ол жүкті болып қалғаннан кейін интернат басшылығы оқушының жағдайын жасыру үшін түсік ұйымдастырған. Алайда бұл туралы қыздың анасына хабар бермеген.
Бұл оқиға бйоынша қылмыстық іс қозғалып, депутаттың күйеуімен қоса алты адам сотталған болатын.
Зардап шеккен қыз кейін Тараздағы мектеп-интернатқа орналастырылған. Бірақ жақында оның қайтадан жүкті болғаны белгілі болды. Жүктіліктің сегізінші айында, бірақ баланың әкесі белгісіз.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынуы мүмкін
- авторkyn.kz
- 25 ақпан, 2026
Алматыда бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцов екі айға қамауға алынды
- авторkyn.kz
- 25 ақпан, 2026




