Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жасөспірім екі жасар баланы жерге лақтырып жіберді: полиция қылмыстық іс тіркеді

Алматыда жасөспірім екі жасар баланы жерге лақтырып жіберді: полиция қылмыстық іс тіркеді
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Алматыда жасөспірім екі жасар баланы аспанға, одан кейін жерге лақтырып жіберген.

Алматыда екі жасар баланы жерге лақтырып жіберген жасөспірімге қатысты Әуезов аудандық полициясы қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматыдағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерланның айтуынша, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы бойынша («Кәмелетке толмағанға қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») қозғалған.

«Мен ата-аналардың екі жағымен де тұрақты байланыстамын. Жәбірленуші тарап қажетті қолдаумен қамтылды, балаға әрі қарай оңалту курсы қажет болады. Сондай-ақ заңды өкілдерінің келісімінсіз баланың суреттерін таратпау жөнінде ерекше өтініш білдіремін», – деді Диана Ерлан.

Еске салсақ, оқиға 23 тамыз күні Алматының Әуезов ауданындағы балалар алаңында 13 жастағы жасөспірім екі жасар баланы төбеге лақтырып, кейін жерге тастай салған. Салдарынан бала қолын сындырып алды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар