Мәдениет
«Ата-ананың қадірін қатты біліп жүрмін»: бесінші рет әке атанған Қайрат Нұртас жан сырын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:35
- 71

Қайрат Нұртас ата-анасының қадірін енді түсініп жатқанын айтты.
Әнші Қайрат Нұртас балаларына қатысты жан сырын ақтарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жақында әншінің әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласын босанған еді.
"Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің дейді. Қазір балаларым бар, жақында бұйырса бесінші балам дүниеге келеді. Сондықтан кейінгі кездері ата-ананың қадірін қатты біліп жүрмін", – деді Қайрат Нұртас.
Жұлдыз Әбдікәрімова да жазба жариялап, енді ештеңеден қорықпайтынын жеткізді.
“Өсекті естіп, оған жан беретін жастан өтіп кеттік. Оттан да, судан да, жоқтан да, бардан да талай сынақтан өттік. Сондықтан біз үшін енді ештеңе қорқынышты емес", – деп жазды актриса.