Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда зейнетақы өсетін болды

Қазақстанда зейнетақы өсетін болды
Сурет: ortcom.kz
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі.

Қаржы министрлігі жариялаған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында келер жылы қазақстандықтар МӘМС-ке қанша ақша аударатыны айқындалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

“Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 10 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін”, – деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы болып белгiленетіні айтылған.

“2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн”, – делінген құжатта.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар