Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәкен Майғазиев жол апатына түсті

Сәкен Майғазиев жол апатына түсті
Сурет: ашық дереккөздерден
Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырап, жолда абай болуды ескертті.

“Мұзарт” тобының мүшесі Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Иә, кеше жол апаты болды. Сарыағашқа бара жатқан жолда жоғары жылдамдықпен келе жатып, бір көлікпен соқтығысып қалдық. Екі көлік те трассадан шығып кетті. Дегенмен, ең бастысы – бәріміз дін аманбыз, ешкім зардап шеккен жоқ. Соған шүкіршілік еттік", – деп жазды әнші.

Сәкен Майғазиев көпшілікке жолда абай болуды ескертті.

“Желіге тек “жүргенде абай болыңыздаршы” деген оймен салған едім. Хабарласып, тілектестігін білдіріп жатқан жандарға алғыс айтамын. Аман болайық", – деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар