Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі: 600-ден астам адам қаза тапты (ВИДЕО)

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі: 600-ден астам адам қаза тапты (ВИДЕО)
Сурет: rus.ozodi.org
Ауғанстанда жойқын жер сілкінісінен үйлер қирап, адамдар үйіндінің астында қалды.

Ауғанстанның шығысында қуатты жер сілкінісі болды.  Соңғы деректер бойынша қаза тапқандар 600-ден асты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Жер дүмпуі 31 тамыз, жексенбі күні түнде сағат 23:47-де болған. Жер сілкінісі 6,0 баллға жеткен. Ошағы Джалалабад қаласынан 27 шақырым қашықтықта орналасқан. Салдарынан 600- ден аса қаза тауып, 1300-ден астам адам жарақат алған.

Жер сілкінісі Кабулда, тіпті эпицентрден 400 шақырым жердегі Пәкістанның Исламабад қаласында да сезілген. Ондаған үй қирап, кейбір ауылдар жоқ болып кеткен.

Кунар және Нангархар провинцияларында тұрғындар үйінді астында қалғандарды өздері шығарып жатыр. Өйткені көшкін жолдарды жауып тастағандықтан апат болған аймаққа жету қиын. Сондықтан құтқару жұмыстары әуе арқылы жүргізілуде.

Дүйсенбі таңына қарай төрт әскери тікұшақ дәрігерлермен бірге жіберілген. Зардап шеккендер Джалалабад және басқа қалаларға жеткізіліп жатыр. Көптеген ерікті қан тапсыруда. Әлеуметтік желіде видеолар тарады.

Ауғанстанның Денсаулық сақтау министрлігі байланыс жоқ аймақтар көп болғандықтан, қаза тапқандардың саны арта түсуі мүмкін екенін ескертті.

«Кейбір ауылдар толығымен жойылған, адамдар әлі де үйінді астында қалып отыр», – делінген ресми хабарламада.

Ауған билігі халықаралық ұйымдардан шұғыл көмек сұрады. Сарапшылардың айтуынша, дүмпу жердің өте таяз қабатында болған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар