Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1 қыркүйек – Білім күні: жаңа оқу жылында ұстаздар мен оқушыларды не күтіп тұр?

1 қыркүйек – Білім күні: жаңа оқу жылында ұстаздар мен оқушыларды не күтіп тұр?
Сурет: world-study.ua
Биыл еліміздің түкпір-түкпіріндегі 8 мыңнан астам мектеп 4 миллион оқушыға өз есігін айқара ашады.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұстаздар мен оқушыларды 1 қыркүйек күнімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 8 мыңнан астам мектеп 4 миллион оқушыға өз есігін айқара ашады. Сондай-ақ, 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп, тағы 245 ғимарат реновациядан өтіп жатыр.

«Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін!», - деп жазды.

Айта кетсек, оқу процесі 2025 жылдың 2 қыркүйегі басталып, 2026 жылдың 25 мамырында аяқталады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар