Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бестеректегі жол апаты: зардап шеккен үш баланың екеуін ауруханадан шығаруға дайындап жатыр

Бестеректегі жол апаты: зардап шеккен үш баланың екеуін ауруханадан шығаруға дайындап жатыр
Сурет: f-sma.ru
Абай облысындағы жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды.

Бестерек ауылындағы жол апатынан зардап шеккен үш баланың қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Астанаға жеткізілген 2016 және 2018 жылы туған екі баланы ауруханадан шығаруға дайындап жатыр.

"Барлық қажетті емдік-диагностикалық шаралар жүргізілді. 2 қыркүйекте баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын деп бағаланды. Шағымы жоқ, тәбеті жақсы. Бала белсенді. Ертең, 4 қыркүйекте ауруханадан шығады", - делінген ресми мәлімдемеде.

Сондай-ақ 7 жасар ұл баланың да жағдайы жақсарып келеді. Жоспар бойынша, оны да 4 қыркүйек күні ауруханадан шығаруға дайындап жатыр.

Алайда Семейдегі ауруханада жатқан 2015 жылы туған баланың жағдайы ауыр. Жасөспірім әлі де комада жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оған барлық қажетті емдік-диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, 19 тамызда Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар