Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ақтөбеде тұрғындар сушидан уланды»: үш аспаздан стафилококк таяқшасы табылды

«Ақтөбеде тұрғындар сушидан уланды»: үш аспаздан стафилококк таяқшасы табылды
Сурет: sushinadom-krasnodar.ru
Ақтөбеде суши алып жеген сегіз адам уланып қалған.

Ақтөбеде тұрғындардың сушидан жаппай улануына аспаздар кінәлі болып шықты. Тапсырыспен тағамын әзірлеп беретін орталықтың үш қызметкерінен стафилококк таяқшасы табылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Осыдан бір ай бұрын суши жеген сегіз адам астан ұшынып ауруханаға түскен. Лоқсып құсып, қызуы көтерілгендерге дәрігерлер көмек берген. Олардың екеуі — бала, бір жасөспірім бар. Барлығы бір жерден суши алып жепті. Соның дәмін татқан бойда жайсыз сезінген. Дереу тексеру жүргізген мамандар үш аспаздан стафилококк таяқшасы табылғанын айтады. Солардың кесірінен жұқпалы вирус асүйдегі тамақтан бастап, ыдыс-аяққа дейін жұққан. Тамақ дайындайтын қызметкерлердің санитария кітапшасы да жоқ болып шықты. Орталық жұмысын тоқтатып қойған. Тексеру жүргізгендер құзырлы органдарға тапқан олқылықты жіпке тізгендей айтып бердік деп отыр.

«Инфекция көзі үш аспаздан анықталған стафилококк бактериясы. Үш аспаздан патогенді стафилококк, үш дайын түрлі сушилардан потагенді стафилококк таяқшасы анықталды және бір шикі тағамнан, шикі тауық етінен ішек таяқшалар тобының бактериялары анықталды», - дейді Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Аяғанова.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар