Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бұршақ пен қатты жел»: 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Бұршақ пен қатты жел»: 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: slovoidilo.ua
Еліміздің кейбір өңірлерінде бүгін жаңбыр күтіледі.

«Қазгидромет» РМК 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Солтүстік,  орталық және шығыс өңірлерде – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр күтіледі, кей жерлерде тұман түседі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +7…+13°, күндіз +20…+27°.

Батыс өңірлерде – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерде бұршақ пен қатты жел болады деп болжанып отыр. Түнде +15…+23°, күндіз +25…+31° болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста – Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында негізінен жауын-шашынсыз, бірақ Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болады. Күндізгі ауа температурасы +30…+37° дейін жетеді. Таулы аймақтарда салқындау – +18…+22°.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар