Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай облысында жүргізуші алты баланы қағып кетті: Ішкі істер министрі оқиғаға қатысты кімдер жауап беретінін айтты

Абай облысында жүргізуші алты баланы қағып кетті: Ішкі істер министрі оқиғаға қатысты кімдер жауап беретінін айтты
Сурет: видеодан скриншот
Бестерек ауылында балаларды қағып кеткен ер адамға жүргізуші куәлігі қашан берілгені белгілі болды.

Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылында үй ауласында ойнап отырған балаларды қағып кеткен ер адам жүргізуші куәлігін 2006 жылы алған. Бұл тулары Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

 Айтуынша, жол апатына қатысты іс қозғалып, тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Қазір іс қозғалды. Кінәлі адам қамауда. Ол туралы әртүрлі деректер айтылып жатыр. Жүргізуші куәлігін 2006 жылы алғаны белгілі болды. Қылмыстық іс шеңберінде кім бергенін анықтаймыз. Жүргізуші куәлігінің мерзімі болады. Қайта алу кезінде медициналық картасы, тағы басқа мәліметтері тексеріледі. Соның бәрін тексеретін боламыз. Айыпталушы жазадан құтылмайды», - деді министр. 

Еске салсақ, бұған дейін 19 тамызда Абай облысы, Бестерек ауылында 55 жастағы жүргізуші Toyota көлігімен бір топ баланы қағып кетті. Жол апаты салдарынан үш бала қаза тауып, тағы үшеуі ауыр жарақат алды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар