
Қайрат Нұртастың үлкен қызы шетелге оқуға аттанды.
Әнші Қайрат Нұртас биыл мектеп бітірген тұңғыш қызын Англияға оқуға жіберді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы әншінің әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жариялады.
«Қос әулеттің алғашқы қуанышы! Атасының қызы! Апасының гүлі! Әкесінің тұңғышы! Анасының бақыты! Бауырларының бағыты! Ұстаздарының мақтанышы!
Бүгінде бойжетіп, өмірдегі үлкен әрі жауапты білім деген жолға аттанып, студент атанды! Жаратқан жар болсын!» – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Келесі мақала