Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қыз үйімізде қонып жүрді": Талғарда адам өлтіріп, бала ұрлаған жігіттің анасы өз шындығын айтты

"Қыз үйімізде қонып жүрді": Талғарда адам өлтіріп, бала ұрлаған жігіттің анасы өз шындығын айтты
kyn.kz
Күдіктінің анасы: Аружан бар шындықты өзі айтсын. Әйтпесе жайып саламын.

Талғар ауданында  елді дүрліктірген қылмысқа қатысты жаңа деректер шықты. Бір топ суық қару ұстағандар дүкен алдында ер адамды өлтіріп, 2 жасар қыз баланы ұрлап кеткен еді. Ер адамның денесі жер қойнына тапсырылды. 2 жасар балақайды арнайы жасақ құтқарып, анасына табыстады. Қазір бала алған жарақаттарына қатысты ем алып жатыр.

Ал күдіктіні полиция ұстап, тергеу изаляторына жапты. Ал оның анасы желіге видео жүктеп, ұлын осындай қылмысқа итермелегендерін меңзейтін мәлімдеме жасап отыр.

"Мен Еламан Айганизовтың анасымын. Менің ұлым қолымен істегенді мойнымен көтереді. Ел алдында, Алла алдында өз жазасын өтейді. Беттен алып, төстен шауып жатқан адамдардың ешқайсысы бұл жігіт неге олай істеді деп сұрап отырған жоқ. Менің балам өзімен-өзі мылтықты алып жүгіріп кетпейді.

Жазбаған журналисім жоқ. Мені ешкім тыңдамай отыр. Шу шығарып отырған Аружаннан сұраңыз не үшін менің балам қолына мылтық алып үйіне барғанын. Аружан үйіме келіп, адал асымды ішіп, ақ орамалымды тағып қонып жүрген қыз. Еламанды мылтық алып бұндай күйге қалай жеткізгендеріңді айт. Шындықты айт, болмаса мен өзім айтамын», - дейді көз жасына ерік берген әйел.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар