“70 жасқа толып отыр”: Ардақ Назаров мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:51
- 77

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ардақ Назаров анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Депутаттық сауалын қоюға кезек алған ол сөз басында анасына құттықтау жолдады.
«Осында отырған барлық азаматтардың артында әлемнің жарық әлемін сыйлаған аналар тұр. Менің анашымның бүгін туған күні, 70 жасқа толып отыр. Құттықтауға рұқсат етсеңіз», - деп анасына ақ тілегін жаудырды.
Анасына жылы сөздерін айтып біткен соң ғана Ардақ Назаров депутаттық сауалын оқыды.
«Қадірлі анашым, Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің мейірімге толы жүрегіңіз бен жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, Құдай бере салған немелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін, Сіздің алдыңызда басымды иемін. Баршаңыздың аналарыңыз аман болсын!», - деген ол ары қарай депутаттық сауалын оқыды.