Талғардағы қайғылы жағдай: адвокат қызы ұрланған әйелді кінәлағандарға жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:12
- 88

Талғарда кішкентай қызы ұрланған келіншектің отбасының адвокаты Гаухар Сәриева қайғылы оқиғаға жәбірленушіні кінәлап жатқандарға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желідегі парақшасында жазды. Кейбіреулер әйелдің күдіктімен таныс болғаны үшін кінәлай бастаған көрінеді.
"Бүгін күдіктінің туыстарынан қызға қатысты хейт айтыла бастады. Олар күдіктімен танысқаны үшін қыздың өзін кінәлап жатыр. Айта кеткім келеді: агрессивті немесе қауіпті адаммен кездесуден ешкім сақтандырылмаған. Бұл әркімнің басынан өтуі мүмкін. Ешбір сөз, әрекет немесе жағдай өлтіруге, ұрлауға немесе қорлауға құқық бермейді. Кінәні жәбірленушінің мойнына ілу – қылмыскерді ақтау деген сөз. Кісі қаза тапты, кішкентай қызға ота жасалды", – деп жазды Сәриева.
Сондай-ақ, адвокат бұл жағдайға қылмыс жасаған адамның ғана кінәлі екенін ашық айтты.
“Мұның барлығы әйелдің оныме танысқаны үшін басталмады. Бұл қылмыскерді дер уақытында тоқтатпағаннан болды. Қылмыс жасаған адам ғана кінәлі бұл жерде. Ондай адамдар тосынсый жасағанды және сыйлық бере алады. Бірақ ол бетперденің астында мүлдем басқа адам болуы мүмкін”, - деп жазды адвокат.
Айта кетсек, Талғарда ер адам 24 жастағы әйелдің екі жасар қызын ұрлап, ағасын атып кеткен.