Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде баспана бағасы бір жылда қымбаттап кеткен

Елімізде баспана бағасы бір жылда қымбаттап кеткен
Сурет: freepik.com
Қазақстанда бір жыл ішінде жаңа тұрғын үйлердің бағасы өскен.

Жаңа тұрғын үйлердің бағасы бір жылда 11,3%-ке қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

2025 жылдың тамызында былтырғы жылдың тамызымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 11,3%, қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 8,8% жоғарылады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 8,5% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер:

  • Павлодар қаласында – 25,8%,
  • Қызылорда, Алматы қалаларында – 15,3%,
  • Шымкент қаласында 14,8%-ға қымбаттады.

«Қолданыстағы пәтер нарығында бағаның ең жоғары өсімі Ақтөбе қаласы (20,2%), Павлодар қаласы (17,8%), Алматы қаласы (16,6%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Ақтөбе қаласы (43,5%), Көкшетау қаласы (21%), Жезқазған қаласында (20,2%) тіркелген», - деп жазылған хабарламада.

2025 жылғы шілдемен салыстырғанда жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,9%, пәтерлерді қайта сату 1,2% өссе, тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,7% қымбаттады.

Биыл тамыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 380 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша – 8 527 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 32 853 мәміле жасалды.

2025 жылғы шілдемен салыстырғанда (39 742) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 4,1%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша:

Астана (9 457– 22,9%),

Алматы (8 402 – 20,3%),

Қарағанды облысы (2 923 – 7,1%) көш бастап тұр.

Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 283 мәміле (0,7%).

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар