15 қыркүйектен бастап: қазақстандықтар зейнетақы жинағын тіс емдету үшін ала алмайды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:22
- 113

2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап enpf-otbasy.kz платформасында зейнетақы қаражатының артығын тіс емдеуге пайдалану бойынша өтініштер қабылданбайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Отбасы банкінің» баспасөз қызметінің сәліметінше, 15 қыркүйекке дейін берілген өтініштер штаттық режимде қаралады. Ал одан кейін мұндай мүмкіндік алынып тасталады.
Бұған дейін Astana Finance Days – 2025 аясында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдаланудың тағы бір нұсқасы талқыланған болатын. Вице-премьер Қанат Бозымбаев зейнетақы қаражатын коммуналдық және өзге де инфрақұрылым құрылысына жұмсау идеясын ерекше қолдады. Ал ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елдің зейнетақы ақшасын жеке қорларға беру бағытына қарай жылжитынын айтты.
Сондай-ақ бұған дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін қаражат толық көлемде жеке табыс салығынан босатылатыны белгілі болды. Яғни қазақстандықтар зейнетақы қаржысын, соның ішінде баспана алуға арналған бөлігін де, соманың 10%-ын ұстап қалусыз пайдалана алады.