Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жігітше кетіп қалсаңдаршы»: Қуат Хамитов Ардақ Назаровтың анасын құттықтауына қатысты айтты

«Жігітше кетіп қалсаңдаршы»: Қуат Хамитов Ардақ Назаровтың анасын құттықтауына қатысты айтты
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Қуат Хамитов кейбір депутаттарға орнын босатуға кеңес берді.

ММА спортшысы Қуат Хамитов Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың мәжіліс отырысында анасын туған күніне құттықтауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Спортшы халыққа дұрыс қызмет ете алмайтын депутаттарға өз еркімен орнын босатуға кеңес берді.

«Арекең анасын туған күнімен құттықтап, интернетті жарып жатыр ғой. Халық екіге бөлініп жатыр. Менің айтайын дегенім, бізді Алла сол күнге жеткізсін, Алла бұйырса, біз арабтар сияқты өте бай, қазақтардың бәрінде 5-6 көлік, ақ киімнің орнына шапан киіп алып, басқа мемлекеттерден құл әкеліп, бір адамның басында 5-6 үйден болса, арабтардан асып, бай болып бара жатқанда, медицина мен университет тегін, үйленгендерге тегін үй берілсе, Қытайды алып келіп, технология мен ауыл шаруашылықты көтеріп, жағдайдың бәрін істеп тастағанда депутаттар «Енді не істейміз?» деп ойланса болады. Құттықтаймыз ба, бір-бірімізбен бәстесеміз бе, депутаттар отыратын жерге диван қойып, ұйықтайсыздар ма, оның бәрін істеуге болады. Бірақ қазір емес, оның уақыты келген жоқ. Неге десеңіздер, 2010 жылы менің бала кезімнен бастап халықтың жағдайы өзгермеген. Әлі сол жұмыссыздық, киім-кешек жоқ, несие. Қазір ұйықтайтын емес, экономикалық, даму жағынан соғысатын заманда сондай ғана депутаттар қалуы керек қой. Қалғаныңның бәрің жігітше кетіп қалсаңдаршы, менің осы жақта пайдам жоқ, құр отырмын деп кетіп қалу керек. Сондықтан еліміз үшін еңбек етуді тоқтатпайық», – деді спортшы.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар