Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстау облысындағы 10 адамның өмірін қиған жол апаты: қаза тапқандардың денесі өз аймақтарына жеткізіледі

Маңғыстау облысындағы 10 адамның өмірін қиған жол апаты: қаза тапқандардың денесі өз аймақтарына жеткізіледі
Сурет: ІІМ баспасөз қызметі
Министрлік Маңғыстау облысына әуе бортын жіберді.

Маңғыстау облысына жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың денесін туған жерлеріне жеткізуше Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Ұлттық ұланның авиациялық борты жіберілді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Жол апатынан қаза тапқандардың туыстары марқұмдардың денесін тану және басқа қажет рәсімдерді өткізу үшін ұшып барады.

“Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. Қаза тапқандардың ішінде Қарағанды облысынан бес әйел және бір Астана қаласының тұрғыны бар. Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын жедел шешу мақсатында ұйымдастырылды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Бекет ата қорымын аралауға бара жатқан жолда жол апатына түсіп, зардап шеккен үш жолаушы Жаңаөзендегі көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған жол апаты болған еді. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылғаны хабарланды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар