Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

19 жастағы Төрехан Сабырхан әлем чемпионы атанды

19 жастағы Төрехан Сабырхан әлем чемпионы атанды
Сурет: ©instagram.com/boxingkazakhstan
Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды.

Қазақстандық тағы бір боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінде чемпион атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

70 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Төрехан ақтық жекпе-жекте жапониялық Сэвон Окадзавамен шайқасты.

Отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытып, соңында еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміске қол жеткізген болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар