Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қол да көтерген»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып келеді

«Қол да көтерген»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып келеді
Сурет: Instagram/si12.rt
Павлодарда экс-полицей бір жыл бойы әйелінің соңынан қалмай, оны өлтіремін деп қорқытып келген.

Әлеуметтік желіде Томирис Нұрмағамбетова есімді ару күйеуі Әнуар Арманұлы Нұрмағамбетовтен бір жыл бойы қорлық көріп келе жатқанын мәлімдеді, деп  хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ер адам оны аңдып, үнемі «өлтіремін» деп қорқытады екен. Күйеуі пәтеріне рұқсатсыз кірген. Тіпті күндіз көше ортасында шабуыл жасап, көлігін тартып алған. Осы оқиғадан соң ол полицияға арыз жазуға ниеттенген.

«Бір жылдан бері өміріме қауіп төндіріп келеді. Қол да көтерген кездері болды. Амалым құрып, Павлодардан көшіп кетуге тура келді. Бұл әділетсіздікке төзе алмаймын, ел «қаһармандарын» білсін!» – дейді Томирис.

Әйелдің айтуынша, күйеуі бұрын сот жүйесінде істегенін және таныс-білістерін пайдаланатынын ашық жеткізген. Сондай-ақ ол ажырасуға келісім бермей, түрлі қысым көрсетіп, бопсалап келген.

Деректерге сүйенсек, Томирис Қанатқызының өзі де Павлодар қаласы ҰҚК департаментінің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкерінің қызы.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар