Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Белгілі блогер Жаңабыловтың әйеліне қандай айып тағылғаны айтылды

Белгілі блогер Жаңабыловтың әйеліне қандай айып тағылғаны айтылды
Сурет: instagram.com/zhanabylov_e
Блогер Жаңабыловтың әйеліне қатысты сот отырысы басталды.

Белгілі блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты сот отырысы басталды. Істі Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаралып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 Сотқа блогер Эльмира Төлегенованың өзі, ерлі-зайыпты адвокаттар - Олег пен Анна Черновтер келді. 

Журналистер адвокаттан оған қандай айып тағылып отырғанын сұрады.

"Күйеуіне қандай айып тағылса, оған да сондай, заңсыз лотерея қызметіне қатысу", - деді ол.

Сот отырысында прокурор айыптау актісін оқыды. Оған сәйкес Эльмира Төлегенова ( күйеуі Ерболат Жанабыловтың ісі бойынша аталған курстар) сатқан курстарда интернетте бұрыннан бар, барлығына қолжетімді ақпарат қамтылғаны айтылды.

Еске салсақ, бұған дейін отырыс барысында Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетінің өкілдері блогерлердің ақшалай қаражат, 10 автомобиль және басқа да бағалы сыйлықтар ұтысын өткізгенін мәлімдеген болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар