Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Үсік жүріп, тұман түседі»: 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Үсік жүріп, тұман түседі»: 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: yuz.uz
Еліміздің бірқатар өңірінде күн райы бұзылады.

"Қазгидромет" РМК 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бірнеше өңірде үсік жүріп, бірқатар облыста ауа райы бұзылады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

16 қыркүйекте Астанада түстен кейін найзағай күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. 16-18 қыркүйекте облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз найзағай, күнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар