Басты жаңалықтар
Боянуды үйрететін қазақ жігіті: Мені "көгілдір" деп балағаттайтындарға күлкім келеді
- автор kyn.kz
- 17 шілде, 2018
- 523
Боянуға әуес жігіттер өздерінің кәсібі жайлы бар шындықты айтты
Әдемі болудың қыр-сырын үйрететін еркектер көбейіп кетті. Оларды тіпті, бір көргенде жігіт емес, қыз деп қаласыз. Әлеуметтік желіде бьюти блогер жігіттерден көз сүрінеді.
Нәзік жандарға арналған курс ашып, әдемі болудың амал-айласын асыратын азаматтар неге көбейді? Қыпша бел, қиғаш қас ерлердің қызмет құны қанша? Мына қызды бір қарағанда хор қызы дерсіз! Алайда, бұл алдамшы сезім.
Сіз қателесесіз! Бұл тепсе темір үзуі тиіс, ел қорғауы керек кейбір ер азаматтардың бүгінгі келбеті. Қоғамда оларды "бьюти блогерлер" деп атайды.
Иә, олар кәдімгідей косметиканың түр-түрін беттеріне жағып, қыздарға болмаса өзі секілді азаматтарға боянудың қыр-сырын үйретеді! Мұндай жігіттірдің боянғанына тіпті бойжеткендердің өзі бір шеті қызыға, екінші жағынан қызғана қарайды.
Қасы көздері қиылған олар анау-мынау қызыңнен кем түспейді. Сондай "бьюти блогерлердің" бірі павлодарлық Әділ. Жасы 19-да. Бүгінде ол әлеуметтік желіде аса танымал. Тіпті, арагідік өзінің тренингтерін өткізіп тұрады. "Сылқым жігіт" сұлулыққа бала кезінен жаны құмар болғанын айтады.
"Шынымды айтсам, мен косметиканы жақсы көремін.
Тіпті, бояну менің қолымнан өте жақсы келеді деп есептеймін. Қазір маған дөрекі сөздер жазып, балағаттайтындарға күлкім келеді. Мен өзімнің сүйікті ісіммен айналысып жатырмын. Сондықтан да олардың пікірі маған маңызды емес" – дейді бьюти-блогер Әділ Хэйнс.
Ал қызылордалық Асылжан Болаттың сұлулық индустриясына келгеніне көп болмаған. Ол арада екі жыл өткесін барып визажист болуға бекініпті. "Басымнан өткен түрлі қиындыққа қарамай, мойымай, арманымды орындауға күш салдым" дейді.
«Әйелдің, еркектің жұмысы деп бөлінбейтін сияқты. Бірақ, біздің Қызылорда қаласында кішкентай қалашық болған соң, минталитет басқаша болғанан кейін, кішкене түсінбеушіліктер болды. +0320 Өзіңе жақсы реклама жасасаң жақсы жетістікке жетесі» - дейді бьюти-блогер Асылжан Болат.
Қазіргі таңда екінің бірі әлеуметтік желіде танымал болуды армандайды. Алайда, дәл осындай жолмен жалпақ жұртқа жаққысы келтіндердің әрекетін біздің қоғамда қабылдай алмайтындан жетіп артылады.
Мұндай пікірді ұстанатындар ер адамдардың опа-далапқа, бетін жылтыратып, алдамшы сұлулыққа құмар болуын қазақ минталитетіне жат деп есептейді. Тіпті, мұндайларды жігіт деп атаудың өзі ұят дейді.
«Кореяға, Еуропаның сондай сырға таққан еркектері, ол деген енді, өте жиіркенішті. Қыздарша еркектер сәндену ол деген масқара. Еркек - еркек болуы керек!» - дейді журналист Бақытбол Берімбай. Ал психологтар жігіттердің қыз мінезді болып өсуіне қоғам кінәлі деп есептейді. Себебі, жаһанданы дәуірінде отбасыда әкенің рөлі құлдыраған көрінеді. Салдарынан, ұлдарымыз ер мінезді болудың орнына, нәзік жандармен бәскеге түсуде.
«Бұл - көбінесе ажырасқан отбасында, әкесінің қамқорлығы жоқ болса, әкесінің психологиялық тұрғыда қолдауы жоқ болса, ол көбіне қызға тән, яғни гармониялық белсінділігі әйел адамға ұқсас болып кетеді» - дейді психолог Балжан Нұрғалиқызы.
Баяғының жігіттер отбасының да, елдің де жүгін арқалаған. Қажет болған жағдайда аталап жауға да шапқан.Мұнда ер намысты, рухты ер адамдар қазір де баршылық. Дегенмен, "бір қарын майды шірітіп жүрген құмалақтар" да жоқ емес.
Мамандардың айтуынша, бүгінгі кейбір жігіттеріміздің бойында ерге тән жігерден гөрі, әйелдік энергия басымырақ. Сондықтан да бұл тенденция өскелең ұрпақ үшін қорқынышты дейді.