Қоғам
Ақмола облысында екі бала үстіне қайнаған сорпа құып алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 қыркүйек, 2025
- 662
Степногорск қаласында үстілеріне қайнаған сорпа құйып алған бала жедел т.рде Көкшетауға жеткізілді.
Ақмола облысы Степногорск қаласында екі бала үстіне қайнаған сорпа төгіп алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бүлдіршіндерді Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазавиақұтқару” АҚ басқаратын тікұшақ шұғыл түрде Көкшетауға жеткізді.
2020 және 2023 жылы туған екі бала қайнаған сорпаны үстіне төгіп алған. Салдарынан балалар жарақат алып, күйік шалған.
Степногорск қаласының полиция бөлімі балаларға қатысты оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Степногор қаласының полиция бөлімі кәмелетке толмаған екі баланың термиялық күйіктерін тіркеді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр", – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2026




