Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде адам саудасы өршіп тұрғаны анықталды

Елімізде адам саудасы өршіп тұрғаны анықталды
Сурет: abogacia.es
Қазақстанда адам саудасы өршіп тұр.

Мәжіліс депутаты Марат Башимовтың айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасына қатысты 141 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Марат Башимовтың сөзінше, қылмыстық істер жекелеген санаттарға бөлінеді. 141 істің ішінде:

  • адамды қанау мақсатында ұрлау – 1;
  • ағзаларды сату – 7;
  • жезөкшелікке тарту – 8;
  • кәмелетке толмағанды жезөкшелікке тарту – 11;
  • адам саудасы – 14;
  • кәмелетке толмағандарды сату – 19;
  • притон ұйымдастыру және жеңгетайлық – 81.

«Біз өткен заң жобасында ұлттық баяндаушыны белгілей алмадық. Бұл мәселелерді жүйелеп, олар туралы айтып, алдағы қадамдарды айқындайтын біреу болуы керек еді. Қазір заң жобасына Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты норманы енгізіп отырмыз. Ол бұл тақырып бойынша жеке баяндама жасайтын болады. Сонда біз бұл мәселеге толыққанды түрде мән береміз. Ең бастысы – статистиканы жасыру тоқтады. Ашық айтыла бастады, бар екені мойындалды: осы салада жасырын жағдайлар бар. Тіпті бұл статистика тереңірек қазсаң, бұдан да көп болуы мүмкін», – деді Башимов.

Өткен жылдың 8 айында Қазақстанда адам саудасына қатысты 137 дерек анықталған. Оның ішінде адамдарды еңбек құлдығына салу үшін ұрлаудың 9 жағдайды тіркелген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар