Қоғам
11 адам сотталды: Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 қыркүйек, 2025
- 274
Прокуратура желіде ұлттық араздықты қоздыратын және әдепсіз сөйлегендер заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.
Биыл ұлттық және діни араздықты қоздыру дерегі бойынша 11 адам сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астана прокуратурасы мәліметінше, осындай жағдайдың бірінде елорда тұрғыны TikTok желісінде тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдірген.
"11 адамға қатысты сот актілері заңды күшіне енді", - деп жазылған хабарламада.
Қала прокуратурасы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске салды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2025
Қоғам
Қала тұрғындарының орташа жалақысы 539 мың теңге - Алматы әкімі
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2025




