Телефонға хабарлама келеді: Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:12
- 13

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін 22 қыркүйекте Қазақстан қалаларының бірінде халықты шұғыл мобильді хабардар ету жүйесінің техникалық тексерісі жүргізілетінін ескертіп, тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министрліктің Telegram-каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Алматы облысының Қонаев қаласында 22 қыркүйек сағат 12:00-де халықты шұғыл мобильді хабардар ету жүйесінің техникалық тексерісі жүргізіледі.
"Сіздің мобильді құрылғыларыңызға дыбыстық белгімен қоса мәтіндік хабарлама түседі. Аталған жүйе төтенше және шұғыл жағдайларда халықты хабардар ету үшін қолданылады. Мұндай хабарламалар түскен жағдайда, көрсетілген нұсқауларды мұқият орындауларыңызды сұраймыз", - делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, 21 қыркүйекте 16:25 шамасында алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді. Алайда тұрғындар жер сілкінісін мүлдем сезбегендерін айтты.
Кейін бұл ақпаратты ТЖМ баспасөз қызметі растады. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтардың телефондарына жерсілкінісі туралы ескерту келді
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қыркүйек, 2025