Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда ең қарт кісі 116 жасында қайтыс болды

Қазақстанда ең қарт кісі 116 жасында қайтыс болды
Сурет: Жаңаарқа ауданы баспасөз қызметі
Ұлытау облысында Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева 116 жасында өмірден озды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жаңаарқа ауданының баспасөз қызметі кейуананың отбасына көңіл айтты.

"Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылының тұрғыны, 116 жасқа қараған шағында өмірден өткен Түймегүл Темірбаеваның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Түймегүл әже талай тарихи кезеңнің куәсі болып, ұзақ ғұмыр кешті. Оның жарқын бейнесі танитын жандардың жүрегінде мәңгі сақталады", - деп жазылған хабарламада.

Түймегүл Темірбаева 1910 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Жайлыма ауылында жылқышының отбасында дүниеге келген. Жергілікті әкімдік мәліметінше, әкесі Шотаяқ жылқы баққан, анасы Маңғаз үй шаруасымен айналысып, жұбайына қолғабыс еткен. Отбасында үш бала тәрбиеленген. Түймегүл үш жасында анасынан айырылған.

1932 жылы Түймегүл Темірбаева тұрмысқа шығып, екі жылдан соң "Жеңіс" совхозында жылқышының көмекшісі болып жұмыс істей бастаған. Жұбайы екеуі төрт бала - үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсірді.

Қарт 15 немере, 25 шөбере сүйген.

Кейінгі жылдары кейуана Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінде кенже ұлының қолында тұрған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар