Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Құлсарыда ер адам көшеде ойнап жүрген балаларға тиісіп, өзімен әкетпек болған

Құлсарыда ер адам көшеде ойнап жүрген балаларға тиісіп, өзімен әкетпек болған
Сурет: видеодан скриншот
Құлсарыда ер адам балаларға тиісіп, оларды сүймек болған.

Құлсарыда ер адам көшеде балаларды сүймек болып, өзімен бірге әкетуге әрекеттенген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 8-9 жастағы екі жасөспірімге қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 1985 жылы туған Құлсары тұрғынын ұстады. Ер адам II топтағы мүгедек екені анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сотқа дейінгі тергеудің барысы Атырау облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар