Қоғам
Астанада қыздарды жезөкшелікке күштеген 14 адам ұсталды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:42
- 55

Астана тұрғын үйлерінің бірінен қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген топ ұсталды.
Астананың сол жағалауындағы үш тұрғын үй кешенінде қыздарды жезөкшелікке күштеген қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәліметке сүйенсек, 14 адамнан құралған қылмыстық топ басқа аймақтан келген. Полицияға олар туралы тұрғындар хабарлаған.
«Жедел ақпарат пен елорда тұрғындарының шағымдарын тексеру барысында «Лазурный квартал», «Дипломат» және «Мисон» тұрғын үй кешендерінде қыздарды жыныстық қанаумен байланысты заңсыз бизнес ұйымдастырған топ анықталды. 14 адам ұсталды, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлайды ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Келесі мақала