
Динара Сәтжан қоныс тойын тойлады.
Танымал дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлы тележурналист Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Нұрлан имам меценат Жұмабек Жанқұловқа сыйлық сыйлады.
“Жұмабектің имамы. Жұрттар имамдарға шапан жапса, менің имамым маған шапан жапты", – деп жазды кәсіпкер.
Желі қолданушылары кәсіпкерге шапан жапқан имамды сынға алды.
Олар "Нұрлан имам да біледі кімге жабу керегін", "Неменеге жауып жатыр?", "Ылғи байлардың жиынында жүреді осы имам", "Қашаннан бері жеке имам болып кеткенсіз?" деп жазды.