Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зейнетақы қорынына ақша шығарумен айналысқан атыраулық тіс дәрігерлерінің қымбат көліктері әшкере болды

Зейнетақы қорынына ақша шығарумен айналысқан атыраулық  тіс дәрігерлерінің қымбат көліктері әшкере болды
Атырауда тіс дәрігерлері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен.

Жуырда Атырауда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. ҚМА осы іске қатысты видео жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін ҚМА күдіктілер зейнетақы салымшыларының ақшасына жалпы құны 600 млн теңгеден асатын 15 қымбат көлік (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade), сондай-ақ, зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алғанын жазған болатын.

Еске салайық, бұған дейін ұйымдастырушылар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылыелдің әр өңірінде (Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және басқа қалаларда) орналасқандай етіп, 30-дан аса стоматологиялық клиниканы пайдаланғаны хабарланды.

Шын мәнінде бұл медицина ұйымдары тек қағаз жүзінде болған, халыққа ешқандай қызмет көрсетпеген. Олардың ғимараттары да, жабдықтары да, білікті қызметкерлері де болмаған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар