Басты жаңалықтар
Жанар Дұғалова өзін қызғанған Тәуекел Мүслімге қол көтерді
- автор kyn.kz
- 17 шілде, 2018
- 291
Әнші жаңа бейнебаянының тұсауын кесті.
Бір тәулік ішінде Жанар Дұғалованың кезекті туындысын 161 мыңнан астам адам тамашалап үлгерген. Бейнебаян «Сүйем – Жек көрем» атты әнге түсірілген, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жолы да әншінің сүйіктісінің рөлін актер Тәуекел Мүслім сомдады. Осы уақытқа дейін екеуі «Ала кетпедің» атты бейнебаянда сүйісіп, жұртты таңқалдырған-ды.
Бейнебаян желісі бойынша Тәуекел Мүслім халықтың көзайымына айналған сүйіктісін өзге ер азаматтардан қызғанады. Тіпті, әншіге жақындаған ер азаматтардың бірін соққыға жығады. Мұның қайтарымы ретінде Жанар Дұғалова Тәуекелге Мүслімге қол көтереді. Әлеуметтік желі қолданушылары аталған туындының көңілдерінен шыққанын жазып жатыр. Арасында бұл жұптың махаббаты шынайы өмірде ұласқанын қалайтындар да табылды.
Автор: Kyn.kz
Келесі мақала