«Егін жинауға жайсыз»: вице-министр алдағы күндері жауын-шашын болып, күн салқындайтынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:27
- 29

Алдағы күндері елімізде жиі жауын-шашын болып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің біраз өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлімдеді.
«Синоптиктердің болжамы бойынша, 23 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін еліміздің астық егетін аймақтарында, егін жинауға жайсыз ауа райы күтіледі. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде осы кезең бойы жаңбыр болжанып отыр. Ақтөбе облысында қыркүйектің 26 мен 30-ы – жаңбыр. Батыс Қазақстан облысында қыркүйектің жиырма бесі мен жиырма тоғызы аралығында, Қарағанды, Ұлытау облыстарында қыркүйектің жиырма үші, жиырма жетісі мен отызы аралығында, Павлодар облысында қыркүйектің жиырма үші мен жиырма бесі, жиырма сегізі мен отызы аралығында – жаңбыр. Еліміздің шығысында қыркүйектің жиырма үші мен жиырма төртінде, жиырма тоғызы мен отызында – жаңбыр күтіледі», - деді Шәрбиев үкімет отырысында.
Сондай-ақ, аяз түсуі мүмкін екені айтылды.
«23 мен 30 қыркүйек аралығында күндізгі және түнгі температура біртіндеп төмендеп, түнгі уақытта аяз түсуі мүмкін», - дейді ол.
Ал еліміздің басым бөлігінде қазан айының орташа айлық ауа температурасы қалыпты деңгейде болады. Батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік бөлігінде әдеттегіден жылы болады.
Вице-министрдің айтуынша, еліміздің батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарында жаңбыр бір ай бойы жиі жаууы мүмкін.
Сиыр еті бағасының өсуі: сенім телефоны қосылды
Ұқсас жаңалықтар
Қала күні мерекесіне орай Семейде түрлі мәдени, спорттық өнер шаралары өтті
- авторkyn.kz
- 22 қыркүйек, 2025