Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылорда облысында қызы өз әкесін сотқа берді

Қызылорда облысында қызы өз әкесін сотқа берді
Сурет: depositphotos.com
қызы отбасырның мазасын қашырып, үйдегі заттарды қиратқан әкесінің үстінен арызданды.

Қызылорда облысында бойжеткен өз әкесін сотқа берді. Ол үйдегі заттарды қиратып, отбасының мазасын қашырған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың мәліметінше Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша азамат У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған.

«Азамат У. жәбірленуші Қ.-ға былапыт сөздер айтып, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, отбасын сыйламайтынын көрсеткен», - деп жазылған хабарламада.

Сот отырысында отағасы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Ер адам қызымен татуласқанын айтып, істі тоқтатуды сұраған. Жәбірленуші Қ. жазбаша арызында әкесіне кешірім беретінін атап өткен.

«Сот қаулысымен У. тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды», - деп жазылған сот хабарламасында.

Ер адамға үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленді. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар