Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісу облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды

Жетісу облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды
kaz.inform.kz
23 қыркүйекте Жетісу облысындағы әскерде борышын өтеп жүрген сарбаз оқ жарақатын алып, қайтыс болды.

Қазақстан Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауынгерлік дайындық кезінде Жетісу гарнизоны Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мерзімді әскери қызметшісі қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан өлімге әкеп соқтырған оқ жарақатын алған.

"Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Лауазымды тұлғалардың салғырттық танытқаны немесе бақылаудың болмағандығы анықталса, кінәлілер қатаң жазаға тартылады. Оқиға Қазақстан Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қарулы Күштер басшылығы жауынгердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар