Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қыркүйек, 2025
- 738
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ІІМ хабарлады.
«ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ГФМ-нің Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д. ұсталды. Іздеудегі тұлға Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында неміс құқық қорғау органдары тарапынан анықталып, қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, Дүйсенов ҚР-ның бас көлік прокуроры қызметін 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін атқарды. Бұл қызметке оны Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен тағайындаған. Оның өзі қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру ісі бойынша қазір тергеліп жатыр.
Қызылорда облысында қызы өз әкесін сотқа берді
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылы елімізде зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10%-ға өседі
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025
"Мені балам өлтірмекші": Түркістан облысында қария ұлынан қорлық көргенін айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025




