Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Реалмен» ойыны қарсаңында «Қайрат» футбол клубына 393 200 теңге айыппұл салынды

«Реалмен» ойыны қарсаңында «Қайрат» футбол клубына 393 200 теңге айыппұл салынды
Сурет: "Қайрат" футбол клубы
"Қайрат" пен "Ақтөбе" футбол клубатары ереже сақтамағаны үшін жазаланды.

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіп және этика комитеті "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтарына айыппұл салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Кезекті отырыста матчтардағы ереже бұзушылықтар қаралды. Нақтырақ айтқанда, 14 қыркүйекте Алматыда өткен "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы алаң иелерінің 1:0 есебімен жеңісімен аяқталған ойыны талқыланды.

Комитет "сары-қара" түсті киімдегі жанкүйердің қарсыластар мен төрешілер тобына дөрекі сөздер айтқанын атап өтті. Тіпті көрерменнің алаңға жүгіріп шыққаны да тіркелген.

Осылайша "Команда жанкүйерлерінің ерсі әрекеті, ұйымдастырудағы қателіктер, қауіпсіздік ережелері мен Чемпионат Регламентінің талаптарын сақтамағаны үшін" "Қайрат" футбол клубына 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Жанкүйерлері қарсыластарына дөрекі сөз айтқаны үшін "Ақтөбе" клубы да жазаланды. Клубқа 60 АЕК (235 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, енді "Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші турында ойнайды. 30 қыркүйекте команда Алматыдағы Орталық стадионда Мадридтің "Реалын" қабылдайды.

"Қайрат" клубы өкілдерінің мәліметінше, мадридтіктерге қарсы ойынға билеттер түгел сатылып кеткен. Көптеген жанкүйер билет сатып алу кезінде қиындықтарға тап болды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар