Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда 30 жыл бұрын көршісі айтқан сөзден кейін ер адам әйелін жүрек тұсынан атып өлтірді

Атырауда 30 жыл бұрын көршісі айтқан сөзден кейін ер адам әйелін жүрек тұсынан атып өлтірді
Сурет: augustnews.ru
61 жастағы ер адам әйелін қызғаныштан атып өлтірді.

Атырауда 61 жастағы ер адам әйелін атып өлтірді. Сот оны 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Қайғылы жағдаймен аяқталған оқиға отыз жыл бұрын басталған. 1990 жылдардың ортасында бір дастарқан басында отырған көршісі қатты мас күйде отырып, ер адамға қыздарыңның бірі сенің туған қызың емес деп айтып қалады. Ертеңіне көршісі бұл сөзді «мас болдым, олай айтуыма ешқандай негіз жоқ» деп ақталған. Алайда бұл сөздер ойында қалып, уақыт өте келе мазалайтын болды.

«Ойындағы күдік бара-бара күшейіп, әйеліне сенбей қалатын күйге жеткен. Ол әйелін қызғанып, опасыздық жасадың деп айыптап, ұрыс-керіс шығарып жүрді. Ал өзі ішімдікке әуес бола бастады», - деп жазды басылым.

Осы жылғы мамырдың басында сол жағдай қайта есіне түскен.  Мамырдың 1-нен 6-сына дейін ол ішімдік ішуден қол үзбеді. 6 мамыр күні кеште мас күйде әйелін қайтадан жазғырып, ас үйге барып ішімдік ішуін жалғастырды. Таңға жақын оянып кетіп, жанында ұйықтап жатқан әйелін көріп, қызғаныштан оны өлтіруге бел буады.

Сейфтен өз атына тіркелген аңшы мылтығын алып, оқтап, дәл тақап тұрып екі рет атып жібереді. Әйелі сол жерде жан тапсырды. Таңертең ер адамның өзі полицияға қоңырау шалып, жасаған ісін мойындады.

Тергеу және сот оның әрекеттерін ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы («Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру») бойынша саралады. Судья Зарема Хамидуллина оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар