Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бір тиын ақшасын баласына қия алмаған еркексымақтар»: Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулеріне ренішін білдірді

«Бір тиын ақшасын баласына қия алмаған еркексымақтар»: Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулеріне ренішін білдірді
Сурет: ашық дереккөздерден
Мөлдір Әуелбекова балаларына алимент төлемей қашып жүрген еркектер жайлы айтты.

Әнші Мөлдір Әуелбекова алимент төлемей жүрген ер адамдарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол нағыз ер азамат алиментсіз-ақ, баласына қамқор болатынын айтты.

«Алимент төлемей қашып жүргендерді сот алдында тік тұрғызып жатыр дейді. Енді ойлап қоямын, алиментке беру керек пе еді? (әзіл). Жалпы, баласынан қашқанымен, Құдайдан қаша алмайтыны ақиқат қой. Нағыз ер азамат алиментсіз-ақ баласына қамқор болады. Қалғаны көп сөз – бос сөз. Бір тиын ақшасын, бір минут уақытын баласына қия алмаған еркексымақтарға күнімізді қаратпағанына шүкір! Алла ұлық!», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, әнші балаларына дұрыс тәрбие беріп, оларға қамқор болу – әрбір ата-ананың басты міндеті екенін атап өтті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар