Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Саят Медеуов: Роза Рымбаеваның өзі тойда ән салып жүр

Саят Медеуов: Роза Рымбаеваның өзі тойда ән салып жүр
ашық дереккөз
Эстрада жұлдыздары Роза Рымбаеваның сынына ұшыраған Ернар Айдарды жақтап сөйледі.
Роза Рымбаева әнші Ернар Айдар мен «Славян базары» байқауына қатысқан Ернар Садырбаевты салыстырып, алғашқысын «өзбек әндерін аударып айтып жүрген той әншісіне» теңеді. Кейін бұл сынға Ернар Айдар жауап беріп, ненің дұрыс-бұрыстығын халық шешетінін айтып өтті. Енді міне аға буын өкілдері де «той әншісі» тақырыбына қатысты пікір білдіріп, жас әншіні ақтап алуға тырысып бақты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Айта берсін бағдарламасына сілтеме жасап. «Бұл жағдайдың басы қасында болмаған соң ештеңке айта алмаймын. Роза апамызға да ешқандай қарсылығым жоқ. Ернар арнайы бір конкурсқа қатысып жатқан жоқ. Халықтың алдында өзінің қолынан келген өнерін көрсетіп жүр. Ернар Айдар әнші деген атқа лайық болмаса, халық оны неге жақсы көреді?! Себебі, ол халық тыңдағысы келетін әндерді орындайды. Бір шетінен Роза апама да қарсы келе алмаймын. Соңымыздан еріп, өсіп келе жатқан бауырларымызды бетінен қағатындай дүние көріп тұрған жоқпын», - дейді Мұқасан Шахзадаев. Саят Медеуов бұл жөнінде бейхабар болып шықты. Десе де, той-томалақтардан халық әртісі Роза Рымбаеваны да көретінін айтып өтті. «Шынымды айтайын, мен ол кісінің пікірі туралы оқыған жоқпын. Қазір сіздерден естіп тұрмын. Бірақ, неліктен Ернарды бөліп алып айтқанын түсінбедім. Мысалы, мен де тойға шығып ән айтып жүрмін. Бұл тізімнің ішінде Мақпал апамыз да, «Музарт» тобы да бар. Ол тойдың ішінде осы сынды айтып отырған Роза апамыздың өзі де бар. Тойдың әншісі деп бөлуге болмайды. Бұлай айтқан дұрыс емес шығар деп ойлаймын. Бірақ, Роза апамыз Ернарды конкурсқа келмейтін әнші десе түсінетін едім. Бұл, әрине, менің ойым. Бәлкім ол кісі Ернарды тыңдап көруі керек шығар. Кейде аға-әпкелеріміз көңілі толмайтын әншілерді шақырып алып тірі дауыста сынақ өткізуі керек шығар деп ойлаймын. Сол жерде әнді айта алмай жатса, мұндай пікірі орынды болатын еді», - дейді ол. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар