Павлодарда қарттар үйінде тұратын 94 жастағы зейнеткер қажылыққа деп жинаған ақшасын 30 әйелге бөліп берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2025
- 191
Павлодарда 13 жылдан бері қарттар үйінде тұратын 94 жастағы Сағадат Жұмабаев қажылыққа бару үшін жинаған ақшасын 30 әйелге бөліп берген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол ақшаны көп жылдан бері жинап келген. Бірақ 3,6 млн теңгесін сырқат бала тәрбиелеп отырған аналарға таратып берді. 30 анаға тең бөлген кезде әйелдердің әрқайсысына 120 мың теңгеден келген.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы демеушілердің көмегімен қарияның бұл бұл ізгі ниеті үшін қасиетті қажылық сапарына жолдама сыйлады.
«Ұмра сапарына аттанар алдында Сағадат Жұмабаев Бас мүфтиге ақ батасын беріп, шынайы ризашылығын білдірді. Бас мүфти дәстүр жолымен ақсақалдың иығына шапан жапты. 94 жастағы қарияның қасиетті сапары оңынан болғай», - деп хабарлайды Мүфтияттың баспасөз қызметі.




