Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҚҚС дағдарысты тудырмайтыны сөзсіз – Ұлттық экономика вице-министрі

ҚҚС дағдарысты тудырмайтыны сөзсіз –  Ұлттық экономика вице-министрі
Сурет: ognialatau.kz
Ұлттық экономика вице-министрі ҚҚС-ға қатысты сұраққа жауап берді.

Сенат отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин елімізде  ҚҚС мөлшерлемесін көтеру бағаның өсуіне әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, көптеген тауар салықтан босатылған.

"ҚҚС мөлшерлемесін көтерудің әлеуметтік-экономикалық әсерін есептедік. Болжам арнайы инфляция үшін жасалды. Инфляцияға ҚҚС өсімінің жалпы үлесі 2-ден 2,5%-ға дейін болады. Ол аса байқалмайды, өйткені көптеген тауар салықтан босатылған", – деді Азамат Амрин.

Вице-министрге журналистер ҚҚС мөлшерлемесін қайта қараудан кейін дағдарыс болуы мүмкін бе деген сұрақ қойды.

"ҚҚС дағдарысты тудырмайтыны сөзсіз. Жағдай әртүрлі, көріп тұрсыз. Құдай сақтасын, пандемия болса, сондықтан бұл туралы тікелей бұл жерде айту дұрыс емес шығар", – деді вице-министр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар