Қоғам
Қазақстандықтар АҚШ-қа тауар салынған сәлемдеме енді жібере алмайды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:20
- 39

АҚШ Қазақстаннан тауар салынған сәлемдемелерді тоқтатты.
Қазақстандықтар АҚШ-қа сәлемдеме жібере алмайды. Бұл туралы "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қазпошта" баспасөз қызметі шектеу АҚШ тарапынан енгізілгенін түсіндірді.
"Қазпошта" АҚ" хабарлайды: АҚШ-тың шекаралық-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне сәйкес, АҚШ-тағы алушыларға тауар салынған сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылады. Хаттар мен құжаттарды жіберу әдеттегі тәртіппен жалғасады", - деп мәлімдеді компания.
Ұлттық пошта операторы жаңа ережелердің әлемдегі көптеген елге қатысты екенін нақтылады.
"Қазір Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің тек 5-і ғана АҚШ-қа сәлемдеме жібере алады, – деп мәлімдеді "Қазпошта" баспасөз қызметі.