Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тырысып, сілкінбей жүрсе болды»: Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қатысты сөз қозғады

«Тырысып, сілкінбей жүрсе болды»: Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қатысты сөз қозғады
Сурет: ашық дереккөздерден
Белгілі продюсер келіндері туралы айтты.

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ене мен келіннің қарым-қатынасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол келіндерінің ұрпағының жалғастырушысы екенін айтты.

“Келін ұрпағыңды жалғастырушы. Өміріміздің жалғасы. Олар шайын беріп, тырысып, сілкінбей жүрсе болды. Алдына түсіп, бар жағдайын өзіміз-ақ жасаймыз”, – деп жазды продюсер. 

Сонымен қатар ене мен келіннің арасындағы келіспеушіліктің себебін түсіндірді.

“Кейде ене қаттырақ сөйлеп қалса, келіндер кішірейе салғаны дұрыс. Қаншама өмірдің тауқыметін тартты. Келінге жаман болсын деп айтпайды. Кішкене пісіріп, тұрмысқа бейімдеп алайын деп ойлайды. Қатты босатып жібермеуді ойлайды. Бәрібір өз баласы сияқты келіннің де тілеуін тілейді”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.  

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар