«Үй қаңырап бос қалды»: Маңғыстау облысында үш баласы газға уланған отбасы ЭКҰ жасатады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:53
- 37

Маңғыстау облысында көмірқышқыл газынан үш баласынан айырылған отбасы тегін экстракорпоралды ұрықтандыру процедурасынан өтуге сертификат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстаулық ерлі-зайыптыға экстракорпоральды ұрықтандыру сертификатын тапсыру сәтінің видеосын Алмасбек Батыров Instagram парақшасында жариялады.
Қайғылы оқиға 23 ақпанда болған. Мұнайлы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 30 жастағы үлкен қызы, 16 жастағы ұлы және 13 жасар кенже қызы көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты. Балалардың тәтесі де уланғанымен, аман қалды.
Балалардың анасы Күмісай Оралбайқызы қайғылы оқиға кезінде Астанада болған. Күйеуі Айдарбек жұмыста болған. Анықталғандай, газ ашық болып, балалар уланып қалған.
Отағасы ЭКҰ-ға үзілді-кесілді қарсы болған. Бірақ соңында туыстары мен достарының қолдауының арқасында келісті.
Ата-анасының айтуынша, үш баласы да мейірімді, тілалғыш, жақсы оқитын балалар болған. Үлкен қызы екі айлық жүкті болыпты, ұлы колледжде, ал кішісі мектепте оқитын.
“Мұндай қайғыны ешкімге тілемес едік. Біз әлі болған оқиғамен келісе алмай келеміз. Бір кездері балалардың күлкісіне толған үй, қазір қаңырап бос қалды”, – деді жұп.