«Жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін»: 28-29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:08
- 48

Елімізде алдағы күндері ауа райы суытып, түнде тұман түседі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Қазгидромет” РМК мәліметінше, жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. 28-29 қыркүйекте жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда оңтүстік циклон әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең кей өңірлерде тұман түсуі ықтимал.
• 28 қыркүйектен бастап солтүстік облыстарға салқын антициклон енеді, кейін ол оңтүстікке ығысып, елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.
• Батыста түнде +3…+8°, күндіз +10…+18-ден біртіндеп +13…+22°-қа дейін жылынады.
• Оңтүстік-батыста түнде салқындайды: +10…+15-тен +7…+12°-қа дейін, күндіз +13…+18-ден +18…+23°-қа дейін көтеріледі.
• Солтүстік-батыс пен солтүстікте айтарлықтай төмендеу күтіледі: түнде +3…+13-тен −1…−6°-қа дейін, күндіз +10…+15-тен +3…+10°-қа дейін.
• Шығыста түнде +2…+10-нан +7…+15°-қа дейін, күндіз +25…+30-дан +20…+25°-қа дейін, ал солтүстік бөлігінде +10…+15° шамасында болады.
• Оңтүстікте түнде +9…+18-ден +5…+13°-қа дейін, күндіз +22…+32-ден +15…+28°-қа дейін төмендейді.
• Оңтүстік-шығыста түнде +10…+15°, тауда 0…+5°, күндіз +23…+30°, таулы аймақтарда +15…+20°.